We have updated our Terms of Service and Privacy Policy. Learn More

The Big Year-logo

The Big Year

Health & Wellness Podcasts >

More Information

Location:

Kazakhstan

Language:

Kazakh

Contact:

+77051922971


Episodes

#78. Әр таңды тамаша бастау: аңыз ба, әлде мүмкін бе?

2/1/2018
More
Мына жағдайлар сізге қаншалықты таныс? Оятқыштың даусы естіле … Толығырақ

Duration:00:05:44

#77. Кайдзен: Кішкентай өзгерістер биік нәтижелер тудырады

1/30/2018
More
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін американдық менеджерлерді Жапонияға көшуге … Толығырақ

Duration:00:07:40

#76. 12 апталық жыл – биылғы жылғы менің таңдауым

1/28/2018
More
Кейде апталап бітпеген істі жылдам бір екі күн … Толығырақ

Duration:00:08:54

#75. 2018♥Шынайы бол, ерекше бол, өзің бол

1/17/2018
More
Сәлем, бұл Талшын. Ұзақ демалыстардан кейін сізбен жүздесіп … Толығырақ

Duration:00:05:13

#74. Тоқтамаймын, тоқтауға құқығым жоқ.

12/10/2017
More
Бір, екі, үш … Жүрегім соғып тұр. Даусым … Толығырақ

Duration:00:06:36

#73. Жеке даму үшін 2 жеңіл инвестицялық шешім

10/27/2017
More
Өткен аптада уақытыңызды қалай өткіздіңіз? Өзіңіздің дамуыңызға көңіл бөлдіңіз бе? Бос уақытыңыз тіпті болмайды дейсіз бе? Ал бір сәттерде бос отырып қалып, әлеуметтік желіге кіріп кеткен сіз емес пе? А жоқ, ол сіз емес екенсіз ғой. Жұмыста, сабақта болдыңыз. Жеке істеріңізді аяқтадыңыз. Отбасылық шаруаларыңыз да шығып қалыпты. Білемін, түсінемін. Мен де дәл солай! Енді сізге […]

Duration:00:05:58

#73. Қазақстандағы жұқпалы ауру: Неліктен барлығы кінәлі?

10/24/2017
More
Қазақстанға келгеннен өзімнің бойымнан бір жаман қасиет байқап жүрмін. Сондай жаман қасиет. Ол қасиет тек менде емес, бүкіл қаланы жаулап алғандай. Барлық ғимараттардың ішінен өрмекшінің торындай өрілген. Әрбір заттың үстінде, адамдардың киімінде, есіктің тұтқасында, шаңырақтың үстінде. Тіпті әрбір адамның екі иығына отырып алғандай! Қорқынышты! Бұл не болды екен, мен ондай жұқпалы аурудың таралып жатқанын білмеймін […]

Duration:00:05:50

#71. Креатив: Шабытты табудың жолдары

10/22/2017
More
Өлең болсын, шығарма болсын, тіпті менің подкасттарым болсын : өте креативті процесс. Және оларды жазу процесім — менің ең бақытты сәттерім. Креативті ойлау статусына өту үшін біраз уақыт кетеді, алайда ішіне кіріп кеткен соң мені алып шығу сондай қиын. Мен өзімнің кім екенімді ұмытамын, мен уақыттың қашан және қалай өтіп кеткенін байқамай қаламын. Мойындаймын, шабыттанғаннан […]

Duration:00:13:16

#70. Мен — қазақ. Қазақпын деп мақтанамын

9/26/2017
More
Мерейтойлық эпизод ерекше болсын деп ойладық. Сөйтіп сіздерге патриоттық эпизодты жолдаймыз. Тыңдап болғаннан кейін өмірге құлшыныстарыңыз артып, ерекше жанға айналып кетесіз деп үміттенеміз. Егер эпизод ұнаса, достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз. Мен өмір бойы мектепте, университетте “Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген” деген жаттанды өлеңдермен, ұрандатып өмір сүрдім. Біреулер тіл, жер деге кезде ешқашан ештеңе ойламайтынмын. […]

Duration:00:12:12

#69. Ең ерекше күз: күзде не істеуге болады?

9/11/2017
More
Қыркүйек келді, күз келді! Күздің келуімен түн ұзарып, күн қысқаруда. Сұр бұлт аспанды қаптап, тұманданып, жел соғып, ақырындап біз де қысқа дайындала бастаймыз. Дәрігерлер күзбен бірге маусымдық көңіл күйдің ауытқуы да болады деп бізді қорқытады. Күз сағыныштың, көңілсіз күйлердің баламасы ретінде де қолданылып жатады. Ал біз күздің ерекше, түрлі бояуларға толы екендігін түрлі жолдармен көрсетіп, […]

Duration:00:17:43

#68. Ерекше эпизод

9/2/2017
More
Мұны өмірден талып, көңіл күйің болмағанда тыңдашы. Жан жақтан өзіңді іздеп таппағанда, жан жағыңда мыңдаған адамдар жүрсе де, жүрегіңнің түбінде жалғыздықты сезінгенде тыңдашы. Әлем сені түсінбегенде, сен оларды түсінбегенде, өзіңмен өзің ойға батқанда тыңдашы. Неліктен өмір сүремін, өмірдің мәні не деп жан жаққа ойың тарағанда тыңдашы мұны. Қай жаққа қарасаң да қараңғылықты көргенде, тоқтаусыз, бітпес […]

Duration:00:09:48

#67. Сәтсіз болудың 10 оңай жолы

8/21/2017
More
Тамаша жылымыздың сегізінші айы аяқталып қалды. Жылдың бітуіне санаулы айлар ғана қалды. Жылдың басында ойлаған кейбір мақсатттарымыз орындалмай, ұмтылып кетпесін деп анти-позитивті эпизод жасауды жөн көрдім. Бұл эпизодта айтылған он істі орындасаңыз, сәтсіз болуға бір қадам жақындайсыз. Өзіңіз қанша пункті орындап жүргеніңізді санап көріңіз. Осы эпизод сізге де, маған да бір түрткі болар деген үмітпен […]

Duration:00:12:24

#66. Үнсіздікті тоқтат: әңгіме баста

8/16/2017
More
Кейде жаңа адамдарды кезіктіргенде немесе ескі таныстарымызды жолықтырғанда қал жағдай сұрасққанннан кейін, үнсіздік орнап қалатын кездері болады. Бөліскіңіз келетін затттарыңыз көп болса да, неден бастауды білмей абдырап, ыңғайсыз жағдайда қалып қалатынымыз бар. Алайда сол үнсіздікті жалғастыра беру әрқашан жақсы таңдау емес. Себебі ғаламшарымыздағы адамдарды тани түсу қандай тамаша! Біраз әңгімелескеннен кейін ортақ дүниелеріңіздің көп екенін […]

Duration:00:10:06

#65. 10 000 сағаттық ереже: әлемдік эксперт болу

8/13/2017
More
10 000 сағаттық ереже туралы естіген боларсыз. 2008 жылы Малкольм Гладуэлл өзінің «Outliers» кітабында әлемдік дәрежедегі эксперт болу үшін 10 000 сағаттық еңбек қажет деген танымал теорияны ұсынған болатын. Бұл эпизодта сол кітапта талқыланған мысалдар талқыланды. Әрине, соңғы кездері саналы түрде үйрену немесе сағаттың санына емес, сапасына жұмыс істеу арқылы одан жылдам уақытта да сарапшы болуға болады […]

Duration:00:13:38

#64. Әлсіз жағыңды мықты тұсың ет

8/1/2017
More
Ал бүгін өзіміздің әлсіз тұстарымызға шабуылға шығамыз. Өзіміздің әлсіз тұстарымызды мықты етеміз. Айтқан кезде оптимистік ой көп болса да, іс әрекетсіз мүмкін емес! Сондықтан, жолдастар, оң ойлаймыз және сол жолда біраз терлеу де керек болып тұр. Тұрмай, жатып алу арқылы бұл мәселені шеше алмаймыз. Бұл подкастта өзімнің әлсіз тұстарымды жеңуім туралы өз өмірімнен өте қарапайым […]

Duration:00:10:16

#63. Құпия қонақпен сырласу

7/28/2017
More
Ал бүгінгі сұхбат сондай қысқа және ерекше! Эпизод қысқа болса да соңынан сағаттап ойлансаңыз болады. Мұндай сұхбатты өміріңізде естіп көрмеген боларсыз. Тыңдап көрелік!

Duration:00:05:16

#62. Өзіңді өзгерту марафоны

7/24/2017
More
Подкаст басталғаннан бері өзімді қалай өзгертсем екен, бірігіп өзгерейікші деген сияқты хаттар мен комментерді көп байқаймын. Бүгін міне сол сұрақтың жауабы берілмекші. Әрқайсымыз өзіміздің бойымызда белгілі бір қасиеттерді дамытқымыз келеді, жақсы әдеттер қалыптастырғымыз келеді. Тамаша энергиямен жаңа істі бастап,біраз уақыттан кейін суып, істегіміз келмей қалатын да жағдайлар болады. Сол себепті өзіңе ұқсас қоғаммен бірге даму, […]

Duration:00:11:04

#61. Мен түскен сэлфилеріммен есте қалғым келмейді

7/21/2017
More
Cіз қалай есте қалғыңыз келеді? Қалай есте қалғыңыз келеді? Мен өзім түскен мыңдаған селфилеріммен есте қалғым келмейді. Келмейді олай есте қалғым. Мен күніне жүз рет салуға болатын инста сторидің жұлдызы да болғым келмейді. Мен жанындағыларды менсінбейтін, сынағыш, тәкаппар болып та есте қалғым келмейді . Мен қабағынан қар жаудыратын, ашуланшақ, бұлқан талқан бола қалатын қыз да […]

Duration:00:04:03

#60. Подкаст және тұрақтылық

7/16/2017
More
Oh my God, бұл алпысыншы эпизод! Бұл күнге де жетеді екенбіз ғой. Таңғажайып! Алпысыншы эпизодқа келгенде өзіне сенімді, тамаша подкастер боламын деп ойлаушы едім. Қазіргі жай күйіме қарағанда әлі стартер подкастермін. Алайда, әрине алға жылжулар баршылық. Мен қазір қағазға қарамай қазақша сайрайтын болғанмын. Қаңтарда ол жайында тек армандайтынмын. Бұл эпизодта алпысыншы шығарылымымызды тойлаймыз. Өткен айлардан […]

Duration:00:12:17

#59. Шектеулі махаббат: «Маған бәрібір» емес

7/12/2017
More
Біздің елімізде тамаша адамдар көп. Барлығы отбасыларын, жақындарын жақсы көреді: солар үшін отқа да, суға да түсуге дайын. Жекелей алғанда тамаша адам көп. Бірақ сол адамды көшеде көріп қалсаң және ол адам сені жеке танымаса, басқа адамды көргендей боламыз. Көшеде, сыртта, мекемелерде шыдамсыздықтың, қағып соғудың куәгерлері болып жатамыз. Осы сұрақ мені мазалап, жауабын өзімше іздеп […]

Duration:00:09:59

Try Premium for 30 days

Live games for all NFL, MLB, NBA, & NHL teams
Commercial-Free Music
No Display Ads