The Big Year-logo

The Big Year

0 Favorites

More Information

Location:

Kazakhstan

Language:

Kazakh

Contact:

+77051922971


Episodes

#69. Ең ерекше күз: күзде не істеуге болады?

9/11/2017
More
Қыркүйек келді, күз келді! Күздің келуімен түн ұзарып, күн қысқаруда. Сұр бұлт аспанды қаптап, тұманданып, жел соғып, ақырындап біз де қысқа дайындала бастаймыз. Дәрігерлер күзбен бірге маусымдық көңіл күйдің ауытқуы да болады деп бізді қорқытады. Күз сағыныштың, көңілсіз күйлердің баламасы ретінде де қолданылып жатады. Ал біз күздің ерекше, түрлі бояуларға толы екендігін түрлі жолдармен көрсетіп, […]

Duration: 00:17:43


#68. Ерекше эпизод

9/2/2017
More
Мұны өмірден талып, көңіл күйің болмағанда тыңдашы. Жан жақтан өзіңді іздеп таппағанда, жан жағыңда мыңдаған адамдар жүрсе де, жүрегіңнің түбінде жалғыздықты сезінгенде тыңдашы. Әлем сені түсінбегенде, сен оларды түсінбегенде, өзіңмен өзің ойға батқанда тыңдашы. Неліктен өмір сүремін, өмірдің мәні не деп жан жаққа ойың тарағанда тыңдашы мұны. Қай жаққа қарасаң да қараңғылықты көргенде, тоқтаусыз, бітпес […]

Duration: 00:09:48


#67. Сәтсіз болудың 10 оңай жолы

8/21/2017
More
Тамаша жылымыздың сегізінші айы аяқталып қалды. Жылдың бітуіне санаулы айлар ғана қалды. Жылдың басында ойлаған кейбір мақсатттарымыз орындалмай, ұмтылып кетпесін деп анти-позитивті эпизод жасауды жөн көрдім. Бұл эпизодта айтылған он істі орындасаңыз, сәтсіз болуға бір қадам жақындайсыз. Өзіңіз қанша пункті орындап жүргеніңізді санап көріңіз. Осы эпизод сізге де, маған да бір түрткі болар деген үмітпен […]

Duration: 00:12:24


#66. Үнсіздікті тоқтат: әңгіме баста

8/16/2017
More
Кейде жаңа адамдарды кезіктіргенде немесе ескі таныстарымызды жолықтырғанда қал жағдай сұрасққанннан кейін, үнсіздік орнап қалатын кездері болады. Бөліскіңіз келетін затттарыңыз көп болса да, неден бастауды білмей абдырап, ыңғайсыз жағдайда қалып қалатынымыз бар. Алайда сол үнсіздікті жалғастыра беру әрқашан жақсы таңдау емес. Себебі ғаламшарымыздағы адамдарды тани түсу қандай тамаша! Біраз әңгімелескеннен кейін ортақ дүниелеріңіздің көп екенін […]

Duration: 00:10:06


#65. 10 000 сағаттық ереже: әлемдік эксперт болу

8/13/2017
More
10 000 сағаттық ереже туралы естіген боларсыз. 2008 жылы Малкольм Гладуэлл өзінің «Outliers» кітабында әлемдік дәрежедегі эксперт болу үшін 10 000 сағаттық еңбек қажет деген танымал теорияны ұсынған болатын. Бұл эпизодта сол кітапта талқыланған мысалдар талқыланды. Әрине, соңғы кездері саналы түрде үйрену немесе сағаттың санына емес, сапасына жұмыс істеу арқылы одан жылдам уақытта да сарапшы болуға болады […]

Duration: 00:13:38


#64. Әлсіз жағыңды мықты тұсың ет

8/1/2017
More
Ал бүгін өзіміздің әлсіз тұстарымызға шабуылға шығамыз. Өзіміздің әлсіз тұстарымызды мықты етеміз. Айтқан кезде оптимистік ой көп болса да, іс әрекетсіз мүмкін емес! Сондықтан, жолдастар, оң ойлаймыз және сол жолда біраз терлеу де керек болып тұр. Тұрмай, жатып алу арқылы бұл мәселені шеше алмаймыз. Бұл подкастта өзімнің әлсіз тұстарымды жеңуім туралы өз өмірімнен өте қарапайым […]

Duration: 00:10:16


#63. Құпия қонақпен сырласу

7/28/2017
More
Ал бүгінгі сұхбат сондай қысқа және ерекше! Эпизод қысқа болса да соңынан сағаттап ойлансаңыз болады. Мұндай сұхбатты өміріңізде естіп көрмеген боларсыз. Тыңдап көрелік!

Duration: 00:05:16


#62. Өзіңді өзгерту марафоны

7/24/2017
More
Подкаст басталғаннан бері өзімді қалай өзгертсем екен, бірігіп өзгерейікші деген сияқты хаттар мен комментерді көп байқаймын. Бүгін міне сол сұрақтың жауабы берілмекші. Әрқайсымыз өзіміздің бойымызда белгілі бір қасиеттерді дамытқымыз келеді, жақсы әдеттер қалыптастырғымыз келеді. Тамаша энергиямен жаңа істі бастап,біраз уақыттан кейін суып, істегіміз келмей қалатын да жағдайлар болады. Сол себепті өзіңе ұқсас қоғаммен бірге даму, […]

Duration: 00:11:04


#61. Мен түскен сэлфилеріммен есте қалғым келмейді

7/21/2017
More
Cіз қалай есте қалғыңыз келеді? Қалай есте қалғыңыз келеді? Мен өзім түскен мыңдаған селфилеріммен есте қалғым келмейді. Келмейді олай есте қалғым. Мен күніне жүз рет салуға болатын инста сторидің жұлдызы да болғым келмейді. Мен жанындағыларды менсінбейтін, сынағыш, тәкаппар болып та есте қалғым келмейді . Мен қабағынан қар жаудыратын, ашуланшақ, бұлқан талқан бола қалатын қыз да […]

Duration: 00:04:03


#60. Подкаст және тұрақтылық

7/16/2017
More
Oh my God, бұл алпысыншы эпизод! Бұл күнге де жетеді екенбіз ғой. Таңғажайып! Алпысыншы эпизодқа келгенде өзіне сенімді, тамаша подкастер боламын деп ойлаушы едім. Қазіргі жай күйіме қарағанда әлі стартер подкастермін. Алайда, әрине алға жылжулар баршылық. Мен қазір қағазға қарамай қазақша сайрайтын болғанмын. Қаңтарда ол жайында тек армандайтынмын. Бұл эпизодта алпысыншы шығарылымымызды тойлаймыз. Өткен айлардан […]

Duration: 00:12:17


#59. Шектеулі махаббат: «Маған бәрібір» емес

7/12/2017
More
Біздің елімізде тамаша адамдар көп. Барлығы отбасыларын, жақындарын жақсы көреді: солар үшін отқа да, суға да түсуге дайын. Жекелей алғанда тамаша адам көп. Бірақ сол адамды көшеде көріп қалсаң және ол адам сені жеке танымаса, басқа адамды көргендей боламыз. Көшеде, сыртта, мекемелерде шыдамсыздықтың, қағып соғудың куәгерлері болып жатамыз. Осы сұрақ мені мазалап, жауабын өзімше іздеп […]

Duration: 00:09:59


#58. Сұхбат: Ұлы дала шақырады алға

7/9/2017
More
Достар, бұл сұхбаттың сәті түскеніне өте қуаныштымын. Қайсар — жан жақты, сегіз қырлы, бір сырлы тамаша достарымның бірі. Онымен білім, саяхат, қоғам, мәдени заттар т.б. тақырыптарда подкаст жазсақ болушы еді. Алайда бүгін саяхат тақырыбына тоқтауды жөн көрдік. Қайсар — талай елдерде болған, еліміздің тасы мен сайының біразын көрген, саяхат десе ішкен асын жерге қоятын адам. […]

Duration: 00:34:55


#57. Икигайыңызды немесе әгугайыңызды таптыңыз ба?

6/27/2017
More
Соңғы күндері бүкіл Қазақстан Ерке Есмаханмен бірге Алматыда жоқ, жоқ, Астанада жоқ, жоқ. Ақтөбеде жоқ, жоқ. Шымқалада жоқ, жоқ. Сені іздедім, Үмітті үзбедім.» деп бейтаныс жандарды іздеп кетті ғой. Бүгін мен сіздерді басқа бір затты іздеу сапарына шақырғым келеді. Өзіміздің «икигайымызды», қазақшалап айтсам «әгугайымызды» іздейік. «Икигай» деген жапон сөзі таңертең оянуыңның себебі немесе өмір сүруіңнің […]

Duration: 00:12:25


#56. Сұхбат: Лондонды бағындырушы аудитор қыз

6/25/2017
More
Қымбатты достар, бүгін біз Лондон қаласында, E&Y компаниясында аудитор болып жұмыс істейтін айдай сұлу Раушан қыздан сұхбат аламыз. Раушан мен көрген қыздардың ішіндегі талдырмашы, нәзігі, бойында қазақылығы сақталған ақылдысы. Ол өзінің жақында жұмысқа қалай орналасқаны, тұру барысындағы кішкентай кеңестерімен бөліседі. E&Y компаниясы аудит саласындағы үлкен төрттік енеді. Fortune-нің 2017 жылғы рейтингісі бойынша әлемдегі жұмыс істеуге […]

Duration: 00:23:18


#55. Тым көп үйренудің, күтудің кері жақтары

6/21/2017
More
Бұл эпизодқа өмірімде болған бір оқиға немесе бір кеңес әсер етті десе болады. Ол оқиға туралы эпизодтан біле аласыздар. Қазіргі қоғамда үйренудің, жаңа білім алудың пайдасы туралы аз айтылып жүрген жоқ. Сұраныс та, ұсыныс та бар. Алайда біз сол мыңдаған мүмкіндіктермен өзімізді алдамаймыз ба? Бітпейтін жеке даму туралы кітаптар, бизнес бастау туралы курстар, ағылшын курстары. […]

Duration: 00:11:38


#54. Welcome back: демалыстың пайдасы, күлкі терапиясы

6/18/2017
More
Ал, сәлеметсіздер ме тағы да. Подкасттың оралатын уақыты да жетті, әйтпесе біраз уақыттан кейін жазуға ерініп кетермін. Бұл шығарылым — менің бұрынғы эпизодтарымның анти-нұсқасы. Неге дейсіз бе, себебі адам тиімді жұмыс істеу үшін орынды демала да білуі керек деп ойлаймын. Сондықтан бүгін біз демалыстың пайдасы жайлы сөз қозғаймыз.

Duration: 00:09:02


#53. Линкольнның өмірінен не үйрене аламыз?

5/28/2017
More
Авраам Линкольн — АҚШ-тың 16-шы Президенті (1861-1865), американдық құлдарды бірінші азат етуші, америка халқының ұлттық батыры. Оның өмірінде сәтсіздіктер өте көп болған. Ол сегіз рет сайлауда жеңілген, екі бизнесі банкрот болған, тіпті жүйке ауруына да ұшыраған. Алайда соңында өз мақсаттарына жете білді. Оның өмір жолына көз жүгіртіп көрейік.

Duration: 00:08:20


#52. Батыл бол, батыр бол!

5/24/2017
More
Өмірдің қандай белесінде, нүктесінде болсаңыз да батыл болыңыз! Батылдықтың біз үшін маңызы арта түседі, себебі біз есейе түскен сайын оны керек ете түсеміз. Кішкентай кезіміздегі арманшылдық, жастық макисмализм ақырындап сейіле бастайды, сөйтіп біз ішімізде күмән, белгісіздік, сансыз сұрақтарды сезе бастаймыз. Біздің миымыз өзімізді қорғағысы келеді, себебі батыл болу — қымбат тұратын әлсіздік. Соңында бәрінен айырылып […]

Duration: 00:08:38


#51. Жазда істеуге 7 іс-challenge

5/21/2017
More
Уау, бұйырса бір аптада жаз да келеді. Дайынсыз ба? Жап жасыл, жайдарлы жаз келеді, сенесіз бе? Бұл подкастта жазда істеуге болатын жеті істі талқыладым. Біздің әрқайсымыз әртүрлі болғандықтан бәрімізді біріктіретіндей универсалды етіп жасауға тырыстым. Эпизодты тыңдап, жазды жаңа істермен, жаңа энергиямен бастайсыз деп үміттенемін. Подкастта аталған Беннидің Тед-тегі тіл үйренуге байланысты сөзін мына жерден тыңдай аласыз. […]

Duration: 00:10:49


#50. Қытайдың ең мықты университетінде оқитын қазақ студенті

5/18/2017
More
Бүгін біз Шварцман шәкіртақысының иегері, Қытайдағы ең мықты университеттердің бірі Цинхуада оқып жатқан Әлібек Нұркештен сұхбат аламыз. Ол — Назарбаев университетінің түлегі. Алматы облысының тумасы. 2013 жылы Шварцман грантына дүниежүзі бойынша 3 мыңнан аса үміткер тапсырған, алайда тек жүзі ғана іріктеліп шыққан. Соның ішінде бүгінгі біздің подкасттың қонағы Әлібек те бар. Оған көп сұрақтар қойдым. Мысалы, Өзіңді […]

Duration: 00:41:54

See More